179
АҚШ Сирия күрдтерін қаруландырды
АҚШ Сирия күрдтерін қаруландырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы күрд жасақтарын қаруландыруға келісімін берді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер мәлімдеді.
Оның айтуынша «Сирияның демократиялық күштерімен» бірге Ракка қаласын Ирак және Левант лаңкестерінен азат ету операциясына қатысып жатқан күрд жасақтарына қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізіледі.
Алайда Вашингтонның бұл қадамына Түркия наразылық білдіріп отыр. Өйткені ресми Анкара күрд жасақтарының «Жұмысшы партиямен» байланысы бар, - деп оның Сирия аумағында әрекет етуіне қарсы. Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы: - «Сирияның демократиялық күштері» Ракка қаласын азат ету үшін күресіп жатқан басты топ.
Бірақ біз одақтас Түркияның ел қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық білдіруін жақсы түсінеміз. Осыған байланысты Түркия үкіметіне бұдан елге ешқандай қауіп төнбейді деп уәде береміз.