185
Мұнай бағасы көтеріліп келеді
Мұнай бағасы көтеріліп келеді
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда бойынша, әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.
Бұған осы сауданың мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Gazeta.ru. WTI маркілі жеңіл мұнайдың маусымдағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 3,10% артып, барреліне 47,30 долларды құрады.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайының шілдедегі фьючерстері 2,96% артып, барреліне 50,17 долларды құрады.
Еске сала кетейік, қара алтын құнының құбылуына АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры жөніндегі мәліметі себеп болған. Құзыретті органның хабарлауынша, оның көлемі 900 мың баррельге азайған. Бір апта бұрынғы жағдай қайталанып, нарыққа қатысушылар елдегі мұнай өндіру көлемінің деңгейі мен жанармай қорына көп көңіл аударған.