277
Алматыда қант арзандады
Алматыда қант арзандады
2017 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі наурызға қарағанда 100,8% құрады. Ақылы қызметтер бағасы мен тарифтері 1,4%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,3%-ға өсті.
Қант бағасы 2,8%-ға, жұмыртқа – 1,9%-ға арзандады. Өткен айға қарағанда азық-түлік емес тобындағы тауарлардың бағалары көліктердің – 1,6%-ға, ыдыстардың – 0,9%-ға, құрылыс материалдарының – 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдердің және жеке күтім тауарларының – 0,6%-дан, тұрмыстық текстиль бұйымдарының – 0,4%-ға, жуғыш және тазалағыш заттардың, тұрмыстық техниканың – 0,3%-дан, жиһаз және үйге арналған заттар, киім және аяқ-киімнің – 0,2%-дан бағалары өсті.
Жанар-жағар май материалдарының бағаларынан дизелді отын – 0,3%-ға қымбаттады, А-92 маркалы бензині – 0,1%-ға арзандады. Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер саласында тұрғын-үй коммуналдық кызметтері – 4,3%-ға, соның ішінде орталықтан жылыту – 10,6%-ға, ыстық су – 8,8%-ға өсті.
Тұрғын-үйді жалға беру 2%-ға, соның ішінде жабдықталған тұрғын-үйді жалға беру – 2,7%-ға арзандады. Көлік қызметтерінің тарифтері 0,7%-ға арзандады, бұл орайда ұшақтар билеттері – 10,1%-ға арзандады, ал алыс жол жүретін пойыздардың билеттері – 0,4%-ға қымбаттады.