Биыл 250 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда

Биыл 250 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда

Биыл 250 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда
ашық дереккөзі
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп, аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналып келеді. Осы мақсатта 11 кодекс пен 25 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдік арасындағы әртараптандыруға байланысты меморандумдар, тұқым шаруашылығындағы, фитосанитарлық карантиндік шаралар мен балық және орман шаруашылығындағы заңнамалық өзгерістер қарастырылды. Таяуда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты. Осы сапарында ведомство басшысы Ауыл шаруашылығы министрі 72 ЖҚШ мен 10 шаруа қожалықты біріктірген «Ет Агро Манкент» ауыл шаруашылығы кооперативіне барды. Аталмыш кооператив жылына 7 мың тоннаға жуық ет өндіреді. Жалпылай алғанда, ОҚО аумағында 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 ауыл шаруашылығы кооперативі, 15 сүт қабылдау пункті, 429 отбасылық мал бордақылау алаңы, 4 мал сою пункті, 5 жеміс-көкеніс әзірлеу пункті және 75 отбасылық жылыжай әзірлеу жоспарлануда. Биыл 250 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ақпараттық-консультативтік тұрғыда Fermers.kz сайты мен call-орталығы (барлық бағыттардан қоңырау шалу тегін) қызмет көрсетуде.