Француздардың таңдауы Еуроодақ елдеріне әсер етеді

Француздардың таңдауы Еуроодақ елдеріне әсер етеді

Француздардың таңдауы Еуроодақ елдеріне әсер етеді
ашық дереккөзі
211
Францияда өтіп жатқан президенттік сайлаудың қорытындысын немістер де асыға күтіп отыр. Себебі, қос мемлекет Еуроодақ аясында қоян-қолтық жұмыс істейтін экономикалық серіктестер деп хабарлады 24.kz арнасы. Германия сарапшыларының пікірінше, француздардың таңдауы одаққа мүше елдердің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін француздар үшін тарихи күн. Сайлаушылар өз таңдауын жасау мақсатында таң атпастан Германиядағы Франция елшілігіне келіп жатыр. Жат елде жүрген 12 мың азамат консулдықта арнайы тіркеуден өтіп, дауыс беру құқығын иеленген. Макронды неміс саясаткерлері қолдап отыр. Ангела Меркель бұл жөнінде ашық айтқан болатын. Сарапшылар бүгін Еуроодақ үшін тарихи таңдау жасалатынын атап өтті. Бірақ сайлау қорытындысы жөнінде болжам жасауға асығар емес. Фритьёв фон Норденскёльдт, ГФР Франциядағы елшісі /2001-2004/: - Франция біздің сенімді серіктесіміз. Еуроодақтың болашағы осы сайлаудың қорытындысына тікелей байланысты. Ле Пеннің одаққа қатысты көзқарасы бізді алаңдатып отыр. Ол еуроны пайдалануды тыйым салып, Францияны Еуроодақ құрамынан шығаруды көздейді. Сондықтан Макрон жеңіске жетеді деп сенеміз. Бірақ Трамп пен «Брекситтің» жеңісінен кейін алдын ала болжам жасағымыз келмейді. Президенттік сайлаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, Макрон 50% дауысқа ие болды. Ал оның қарсыласын сайлаушылардың 2%-ы ғана қолдаған.

Серіктес жаңалықтары