Қытайға 488 млн теңгенің алтынын алып кетпек болған азамат ұсталды

/
Қытайға 488 млн теңгенің алтынын алып кетпек болған азамат ұсталды
istockphoto.com

Алматы қаласының тұрғыны «Қорғас» Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» кеден бекеті арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеден және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында азамат алтын құймаларын жабысқақ таспа көмегімен денесіне жабыстырып алып жүрген.

Кедендік тексеру барысында контрабандалық тауар әшкереленіп, уәкілетті орган қызметкерлерімен тәркіленді.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының экономикалық контрабандаға оқталудағы кінәсін толық дәлелдеді.

Панфилов аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 488 миллион теңгеге 5 келі 764 грамм алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар