Құрылтай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын қамтамасыз ету шараларын күшейтуді ұсынды

/
Құрылтай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын қамтамасыз ету шараларын күшейтуді ұсынды
istockphoto.com

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысына арналған Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары уәкілетті органдарға ұсынымдар әзірледі. Олар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, балалардың мемлекеттік қолдауға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және құжатта көзделген мүмкіндіктер туралы хабардар болуына бағытталған жоспарды іске асыру сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық мемлекеттік органдарға – Тұжырымдаманың жауапты орындаушыларына Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Құрылтайдың салалық комитетімен және қоғамдық ұйымдармен шешімдерді алдын ала талқылай отырып, Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іс-шараларды іске асыру тетіктерін алдын ала пысықтау ұсынылды. Сонымен қатар, балалар мен жастарды олардың мүдделеріне қатысты мәселелерді талқылауға белсенді тарту, сондай-ақ қабылданған шаралардың балалардың өмір сүру сапасына, қызметтердің қолжетімділігіне және өңірлік айырмашылықтарды қысқартуға әсерін жыл сайын бағалау ұсынылды.

Ұсынымдардың жеке блогы Оқу-ағарту министрлігіне жолданды. Атап айтқанда, объективті әлеуметтік-экономикалық және білім беру көрсеткіштері мен баланың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатының өлшемдерін ажырата отырып, балалардың әл-ауқатының индексін жетілдіру тәсілдерін қайта қарау ұсынылды. Бұдан бөлек, полиция органдарының есебінде тұрған отбасылардан шыққан балаларға, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың өкілдері, мәслихат депутаттары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатарынан тәлімгерлер бекіту ұсынылып отыр.

Балаларға арналған инфрақұрылымды жаңғырту да басым міндеттердің қатарында. Әңгіме мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар базасында балаларға арналған үйірмелерді жаңғырту және ашу, балалардың бос уақытын өткізетін мүмкіндіктерді кеңейту және техникалық шығармашылық, робототехника және цифрлық дағдылар заманауи үйірмелерін дамыту жоспарларын әзірлеу, жетім балалар мен арнайы білім беру ұйымдарына арналған мекемелерді жөндеу және жаңарту туралы болып отыр.

Тағы бір бағыт – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Атап айтқанда, арнайы педагогтер қажет жерлердің өңірлік картасын жасау және олардың тапшылығын жоюдың кезеңдік жоспарын бекіту, білім беру үдерісімен қамтылмаған балаларды анықтау үшін білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерінің деректерін біріктіру ұсынылды. Сондай-ақ, педагог-психологтарды балалармен құпия жұмыс істеу үшін жекелеген жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Кәмелетке толмағандарды 2026 жылдың қаңтарынан бастап кешкі мектептерге ауыстырудың дұрыстығын тексеру, осындай шешімдердің себептерін анықтау және жалпы білім беру жүйесіне оралған балалардың санын анықтау ұсынылды. Ал 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін тергеу изоляторларында ұсталатын кәмелетке толмағандардың орта білім алуын қамтамасыз ету қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар