Мемлекет басшысы Үкіметке инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Фото: "Болашақ" корпоративтік қоры

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында инклюзивті білім беру ісіндегі мәселелерге тоқталып, Үкіметке әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн.
 
Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар.
 
Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде.
 
Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет.
 
Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар