«Заңсыз келуші – 2026» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Өскемен қаласы патрульдік полиция қызметкерлері көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, көршілес мемлекеттің 46 жастағы азаматы басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында ер адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар екені анықталды. Сонымен қатар оның басқаруындағы көлікке қатысты 59 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдың төленбегені белгілі болды.
ерешектің жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асады. Құқық бұзушылықтар 25 мамыр мен 1 қазан аралығында жасалған. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция көлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге және берешектің жиналуына жол бермеуге шақырады. Заң талаптарын сақтау — әрбір азаматтың міндеті.