Халық салалық дәрігерлерге жазылу үшін әбігерге түседі – Арман Жансеңгіров

/
Халық салалық дәрігерлерге жазылу үшін әбігерге түседі – Арман Жансеңгіров

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Арман Жансеңгіров бүгін өткен Құрылтай отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға консультативтік-диагностикалық көмекті күту мерзімдері, ДСМ-37 бұйрық нормаларының қайшылықтары және оларды жою шараларына  қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша халықпен кездесу кезінде көтерілген бүгінгі күннің өзекті мәселесі –  амбулаториялық жағдайларда бейінді мамандардың консультацияларын және диагностикалық зерттеулерді күту мерзімдеріне қатысты болды. 2026 жылы № ҚР ДСМ-37 бұйрыққа енгізілген өзгерістерде бірқатар жағымды жаңалықтар бар. Бейінді маман пациентті тексерулерге және әріптестеріне жіберуге құқылы, қабылдау кестелері 60 күнге жарияланады, қызмет көрсетуге уақыт нормативтері белгіленді. Сонымен қатар бейінді мамандардың қолжетімділігі азаматтар өтініштерінің негізгі себебі болып қала береді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 925 шағым түсті. Олардың көбі Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарынан және Астана қаласынан тіркелді», – деді ол.

Депутат қолданыстағы нормаларды талдай келе айқын көрінген бірнеше проблеманы атады.

«Қолданыстағы реттеуді талдау мынадай проблемаларды:

- Бірыңғай шекті күту мерзімі нормативтік тұрғыда бекітілмеген. Қордың мониторинг ережелері 10 күнді, Қордың түсіндірмелері 15 жұмыс күнін көздейді, ал бұйрықтың өзі мерзімін белгілемейді;

- кестені 60 күнге жариялау міндеті бастапқы жоспарлы өтініштердің басымдығымен қатар жүрмейді. Бұл ресми кедергісіз бір айдан кейін және одан да кешірек талондар беруге мүмкіндік береді;

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің қабылдау мерзімі регламенттелмеген, сондықтан пациент маршрутының жалпы ұзақтығы шектелмеген;

- мамандар саны бұрынғы деңгейде қалғанда жаңа уақыт нормативтері қабылдау өткізу мүмкіндігін төмендетеді;

- «Үштен аспайтын» жолдама шектеуі қосарланған патологиясы бар пациенттердің қажеттіліктерін ескермейді;

- маманның пациентті қайта қабылдауға жазу құқығы «ауыру жалғасуда» деген нәтижеге байланыстырылған. Бұл нәтижені формальды түрде қою қаупін туғызады;

- диспансерлік есепте тұрғандар үшін бейінді дәрігерге тікелей жазылу тек мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді. Бұл егде жастағы және ауыл тұрғындарының қабылдауға жазылуын қиындық туғызатыны;

- өңірлер бөлінісіндегі нақты күту мерзімдері жарияланбайтыны анықталды», – деді ол.

Арман Серікұлы осы факторларды назарға ала отырып, қордаланған мәселелерді шешу үшін бірнеше ұсыныс енгізді.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере келе:

- қағидаларда жоспарлы көмекті күтудің бірыңғай шекті мерзімін, онкологиялық ауруға күдік болған кезде және балалар үшін қысқартылған мерзімдерді бекіту;

- қосымша орындаушыға қайта бағыттаумен мерзімдерді автоматты бақылауды, жария мониторингті енгізу және  штаттық нормативтер мен тарифтерді қайта есептеу;

-  жолдамалар көлемін клиникалық хаттамамен айқындау және  қайта жазылудың емдеу нәтижесіне байланыстырылуын алып тастау;

- бейінді дәрігерге тікелей жазылуды тіркеу орнына, колл-орталыққа таратуды ұсынамын».

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша беруіңізді сұраймын», – деді ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар