Желіде сотталған әйелдердің балаларымен кездесуі көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

/
Желіде сотталған әйелдердің балаларымен кездесуі көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Алматы облысы ПД

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесінде Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан әйелдер балаларымен кездесіп, бірге уақыт өткізді. Балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Сотталған әйелдердің балаларымен қауышқан сәттері желі қолданушыларының көңілін босатты. Көпшілік аналардың балаларымен еркін кездесіп, бірге уақыт өткізуі маңызды екенін айтып, оларға қолдау білдірді.

«Жазасын өтеп жатқан әйелдер үшін бұл өте ауыр кезеңдер. Бірақ дәл осындай іс-шаралар оларға күш береді», «Ол жерде де біреудің анасы, апасы, әжесі, әпкесі бар ғой. Ойласаң, көңіл құлазиды. Әрине, жасаған қателігін ақтауға болмайды, дегенмен...», «Ертерек үйлеріне оралсын», – деп жазды олар.

Айта кетейік, мекеме жанында Қазақстандағы сотталған әйелдердің балаларына арналған жалғыз Балалар үйі жұмыс істейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар