Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз финалдық белдесуден кейін алдығы жоспарымен бөлісті.
«Негізі, осы қарсыласқа алдын ала дайындалдық. Онымен финалда кездесетінімізді білдік. Төрттағандап күресуге ерекше мән беріп, соған дайындалдық. Қанша тырысқаныммен, бұл жолы жеңіліп қалдым. Маған сенім артып, осы жарысқа алып келген жаттықтырушыма алғыс айтамын. Жоғалтатын ештеңем жоқ еді. Финалда барымды салдым. Өйткені күміс медаль менде бар еді. Қазір төрттағандап күресуде шеберлігімді шыңдап жатырмын. Бапкерлерім тік тұрып жақсы күресетінімді айтты. Сондықтан төрттағандап күресуге көбірек көңіл бөліп жатырмын. Алда әлем чемпионаты күтіп тұр. Үш күннен кейін сол додада бақ сынаймын», – деді Әбиба.