Желіде жаңа түскен келінге үйдегі міндеттерін түсіндіріп жатқан әйелдің видеосы тарады. Кадрда келінге таңғы уақытта тұрып, отбасы мүшесіне қызмет көрсету керектігі айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеода әйел жаңа түскен келінге үйдегі тәртіпті түсіндіріп, отбасы мүшелерінің бірі таңғы сағат 05:00-де жұмысқа тұратынын айтады.
«Ол адам жұмысқа таңғы бесте тұрады», – дейді әйел.
Кадр көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбірі жаңа түскен келінге бірден мұндай талап қоюды сынады.