"Сіз универсалсыз ғой": Нұртас Айдарбековтің келіні қайын атасын келістіре мақтады

/
"Сіз универсалсыз ғой": Нұртас Айдарбековтің келіні қайын атасын келістіре мақтады
ашық дереккөзден

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде келіні Айгерімнің өзіне айтқан жылы сөздерін бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айгерім қайын атасын бірнеше істі қатар алып жүретін әмбебап жан ретінде сипаттаған. Оның айтуынша, Нұртас Айдарбеков жылқы бағып, құрылыс жұмыстарымен айналысады, немересіне сабақ оқытады және тойларда ән айтып жүреді.

"Папа, сіз универсалсыз ғой. Папа жылқы бағады, папа құрылыс жүргізеді, папа немересіне сабақ оқытады, папа арасында тойға барып, "Зуби-зуби"-ді айтады. Білмеймін, папа болмаса, қалай?" – деген Айгерімнің сөзін Нұртас Айдарбеков өз парақшасында жариялаған.

Келінінің қайын атасына деген ықыласы желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік арасында жылы пікір тудырды.

Желі қолданушылары Нұртас Айдарбековтің отбасындағы белсенділігі мен түрлі істі қатар алып жүретініне назар аударған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары