9 қыркүйек күні кешке Шымкентте 65 жастағы ер адам жас көршісімен төбелестен кейін қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал үйлердің бірінің ішінде басталған. Кейін ер адамдар аула қақпасының сыртына шығып, сол жерде төбелес болған. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада жас жігіттің жасы үлкен көршісіне бірнеше рет соққы жасағаны көрінеді. Осыдан кейін зейнеткер жерге құлаған. Алайда бейнежазбаға қарағанда, ер адам құлағаннан кейін де соққылар жалғаса берген.
Оқиғаның куәгері бала болған.
Төбелестен кейін жас жігіт аулаға қайта кірген. Біраз уақыттан соң ол қолында белгісіз бір орамасы бар күйде қайтадан көшеге шыққан. Жанжалдан кейін нақты не болғанын және ораманың ішінде не болғанын тергеу анықтайды.
Қазір қылмыстық іс қозғалды.