Қыркүйек айында Алматы Қала күнін атап өтеді. Негізгі мерекелік іс-шаралар 19 және 20 қыркүйекте өтеді. Жалпы ай бойы 300-ге жуық іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Концерт пен фестиваль «Астана» алаңында, Абай алаңында, Панфилов және Жібек жолы көшелерінде, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының маңында өтеді.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық сегіз ауданында да ұйымдастырылады.