Марафоншы Ерікжан Тұрсынхан Өскеменнен Марқакөлге дейінгі 401 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, межелі жеріне аман-есен жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы ұзақ сапар барысында Алтайдың асу-белестерін еңсеріп, Марқакөл ауданына табан тіреді. Оны аудан тұрғындары мен жастары зор ықыласпен қарсы алды.
Марқакөл ауданының тұрғындары марафоншыны жетістігімен құттықтап, алдағы бастамаларына сәттілік, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.