Батыс Қазақстанда мас жүргізуші екі әйелді қағып, қашып кеткен

/
Батыс Қазақстанда мас жүргізуші екі әйелді қағып, қашып кеткен
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлік жүргізіп келе жатып, жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйелдердің бірі қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 8 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, жылдамдығын төмендетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.

Зардап шеккен әйелдердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. Екінші әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Медициналық куәландыру нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезінде оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен әйелдер анасы мен қызы болған. Расталмаған мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел 31 жаста болған, ал оның анасы ауруханада жатыр.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары