Шымкенте КамАз жүргізушісі белгіленбеген жерге төккен қоқысын өзі жинады (ВИДЕО)

/
Шымкенте КамАз жүргізушісі белгіленбеген жерге төккен қоқысын өзі жинады (ВИДЕО)
Polisia.kz

Шымкент қаласында бейнебақылау жүйелері мен дрондардың көмегімен қала аумағында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кезекті тексеру барысында абаттандыру талаптарын бұзып, белгіленбеген жерге қоқыс тастаған КамАЗ жүргізушісі анықталды. Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері шара қолданғаннан кейін жүргізуші құқық бұзушылықтың салдарын жойып, өзі тастаған қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді.

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында полиция қызметкерлері абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауға, ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына жол бермеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жыл басынан бері Шымкентте қаланың тазалығы мен сыртқы келбетіне, экологиясына және имиджіне кері әсер ететін 30 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Полиция тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған “Таза Қазақстан” қағидатын мүлтіксіз қамтамасыз етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар