Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

/
Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
polisia.kz

Қарағанды қаласында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға маусым айының басында болған. Қала тұрғыны полицияға жүгініп, 11-шағынаудандағы сауда үйлерінің бірінде жеке заттарының ұрланғанын хабарлаған.

Белгісіз адам әйелдің мүлкін жасырын түрде иемденіп, оған шамамен 30 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 30 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның тағы бір осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті басқа сауда үйінің маңында тұрған автокөліктің салонынан құны 50 мың теңге болатын ұялы телефонды ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары