Ақтөбе облысында жер үйден өрт шығып, 21 жастағы қыз қаза тапты

/
Ақтөбе облысында жер үйден өрт шығып, 21 жастағы қыз қаза тапты
ТЖМ

Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шығып, 21 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 қыркүйек күні ауылдардың бірінде тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенген. Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 17:00-де түскен.

Өрттің аумағы 96 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау толықтай сөндірілді. Алайда өрт кезінде 21 жастағы қыз қаза тапқан.

Оқиға орнында облыстық ТЖД бөлімшелері, жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

«Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады ТЖД.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары