Шығыс Қазақстанда 10 адам суға батып кетті

/
Шығыс Қазақстанда 10 адам суға батып кетті
istockphoto.com

Барлық қайғылы жағдайлар суға түсуге жабдықталмаған немесе шомылуға тыйым салынған жерлерде болған. Құтқарушылар адам өлімінің негізгі себептерінің бірі ретінде адамдардың судағы өз мүмкіндіктерін асыра бағалауын атап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Шомылу маусымы кезінде 28 адам, оның ішінде сегіз бала құтқарылды. Суда болған адам өлімінің барлық жағдайы шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде тіркелді, — деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жаз бойы су айдындарындағы қауіпсіздікті сегіз құтқару бөлімшесі қамтамасыз етті. Сонымен қатар 38 ерікті арнайы дайындықтан өтті. Маусым барысында барлығы 1 800-ден астам рейд пен патрульдік бақылау жүргізілді.

Облыс аумағында шомылуға арналған 23 ресми учаске белгіленді. Алайда тексеру барысында тағы 22 мәлімделген демалыс орнының судағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Ал 93 учаскеде шомылуға тыйым салынған.

Шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, құтқарушылар тұрғындарға су айдындарындағы қауіп туралы ескертуді жалғастырып жатыр. Шағын көлемді жүзу құралдарын пайдаланған кезде құтқару кеудешесін кию, қайыққа артық адам немесе жүк тиеуге жол бермеу және қараңғы уақытта суға шықпау қажет. Төтенше жағдай болған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары