Атырауда колонияға дрон арқылы телефондар жеткізілмек болған

/
Атырауда колонияға дрон арқылы телефондар жеткізілмек болған
Polisia.kz

Атырау облысында ҚАЖД-ға қарасты №15 мекемесіне тыйым салынған затты дрон арқылы жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 шамасында болған. №15 мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта дрон арқылы белгісіз орамдардың жеткізілмек болғанын анықтаған.

Тексеру барысында картон қағазға салынып, түссіз скотчпен мұқият оралған үш орам табылды. Орамдарды тексеру кезінде үш телефон тәркіленді. Оқиғаға қатысты тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары