Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды

/
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды
istockphoto.com

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап. 

Полицияның жедел-іздестіру және тергеу шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақытта анықталған. Ведомство мәліметінше, әйел кінәсін мойындаған.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылған еді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өміріне қауіп жоқ.

Қазір оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар