Іле-Алатауда тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)

/
Іле-Алатауда тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)
Скриншот

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ тау ешкісі түсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тау ешкісінің мекені — биік тау, құз бен тік жартастар. Адамға жүрудің өзі қиын мұндай жерлерде ол еркін қозғалып, жартастан жартасқа оңай өтеді.

Оған мықты аяқтары мен тұяқтарының құрылысы көмектеседі, тау ешкісі тасты, тік беткейлерде тепе-теңдігін жақсы сақтайды. Қауіп төнген жағдайда биік әрі қолжетімсіз жартастар оның панасына айналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар