Президент: Қазақстан мен Қытайдың ортақ міндеті – Орта дәлізді барынша бәсекеге қабілетті ету

/
Президент: Қазақстан мен Қытайдың ортақ міндеті – Орта дәлізді барынша бәсекеге қабілетті ету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының беделді «Синьхуа» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бүгінде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін айтты. Президент Қытай мен Қазақстанды ортақ шекара мен сан ғасырлық тату көршілік тарихы байланыстыратынын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан басшысының айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни, бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы көлік қатынасының аса маңызды буынына айналып келе жатқан Орта дәлізді дамыту – ынтымақтастық аясындағы басымдықтардың бірі.

«Ортақ міндетіміз – осы бағыттың бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру. Сондықтан «ақылды кеден» жүйесін енгізуге, құжат айналымын цифрландыруға, ақпараттық жүйелерді өзара үйлестіру мен шекаралық рәсімдерді автоматтандыруға айрықша мән береміз», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның «Біртұтас Қытай» саясатын берік ұстанатынын және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатының бұзылуына қарсы екенін, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ынтымақтастықты толық қолдайтынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар