Жасанды интеллект саласындағы ұстанымдарымыз Қытайдың көзқарасымен үндес – Тоқаев

/
Жасанды интеллект саласындағы ұстанымдарымыз Қытайдың көзқарасымен үндес – Тоқаев
istockphoto.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың белді «Синьхуа» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен екі елдің халықаралық аренадағы ұстанымдары туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттер заманауи технологияларға, білім мен есептеу ресурстарына әділ қол жеткізуі қажет.

«Бұл мәселеде біздің ұстанымымыз Қытайдың көзқарасымен үндеседі. Биыл шілде айында Шанхайда Қазақстан Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (WAICO) негізін қалаған 29 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл – жасанды интеллект саласында мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіретін ашық әрі тиімді халықаралық жүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді ол.

Қазақстан мен Қытай халықаралық аренада да белсенді әрі қарқынды ықпалдастық орнатып отыр. Екі ел бірқатар жаһандық мәселелер бойынша өзара ұқсас ұстаным ұстанады.

«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық рөлін нығайту, халықаралық құқық қағидаттарын қорғау, медиация мен шынайы көпжақтылықты ілгерілету, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды басшылыққа аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары