Алматыда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген оқушы үйдің қоршауын қиратты

/
Алматыда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген оқушы үйдің қоршауын қиратты
видеодан скриншот

Алматының Түрксіб ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген Nissan Patrol көлігі жеке үйдің темір қоршауына соғылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 10 шамасында болған. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Артиллерия көшесімен қиылыста көлікті басқара алмай қалған.

"Жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста ол тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылған", – деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция мәліметінше, жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылады. Себебі олар кәмелетке толмаған баланың көлік тізгініне отыруына жол берген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары