Катонқарағайда ілбістердің сирек түрлері фототұзаққа түсіп қалды

/
Катонқарағайда ілбістердің сирек түрлері фототұзаққа түсіп қалды

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының сирек кездесетін кадрларын тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында ерекше кадрларды жариялады. Парк қызметкерлері фототұзақ объективіне қар барыстарының отбасылың тіршілігі түсіп қалғанын айтты.

«Алдымен фототұзақ объективіне аталық қар барысы ілікті. Ол камераға жақындап, иіскеп көрді де, басқа жаққа бұрып жіберді. Бірақ екінші фототұзақ ең маңызды сәтті сақтап қалды.

Кадрда — аналық қар барысы мен оның үш аланы. Анасының жанында ойнап жүрген аландар — қар барыстарының адам көзіне көріне бермейтін отбасылық тіршілігін тамашалауға мүмкіндік берген аса сирек көрініс.

Ең қызығы, бір қар барысы камераны басқа жаққа бұрып жатқанда, екінші фототұзақ осы бір отбасылық сәтті таспаға түсіріп үлгерген», – делінген ұлттық парк хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары