Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, ипподром тарихи және спорттық мақсаты сақтала отырып, біртұтас кешен ретінде қалады. Аумақтың функционалдық аймағын және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту көзделмейді.
"Келесі кезең – ипподромды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу. Оның спорттық функциясын қалпына келтіру, инфрақұрылымын жаңғырту, трибуналарды, ат қораларды, спорт жолдары мен инженерлік желілерді жаңарту жоспарланып отыр.
1930 жылы құрылған Алматы ипподромы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ат спортының ежелгі нысандарының бірі саналады. Оның аумағы — 39,1 га.
Кешен айтарлықтай тозғандықтан, қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жаңғыртудан кейін ипподром негізгі мақсаты бойынша пайдаланылып, онда қалалық және республикалық жарыстар өткізіледі", – делінген хабарламада.