Алматыда қызды автобуста қылқындырған ер адам 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

/
Алматыда қызды автобуста қылқындырған ер адам 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)
Скриншот

Алматыда қыз қоғамдық көлікте қарт ер адамның өзін қылқындырғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, оқиға шамамен сағат 18:00-де №227 автобуста болған. Қыз Сейфуллин мен Шолохов көшелерінің қиылысындағы аялдамадан автобусқа мініп, артқы орындыққа отырған. Сол жерде отырған қарт ер адамнан ығысып, бір орын босатуын сұрағанын айтады.

Алайда оның сөзінше, ер адам еш ескертусіз кенеттен мойнынан ұстап, қылқындырған.

«Босап шығуға тырысып, итеріп, тепкіледім. Жанымда отырған ер адамның көмегімен әрең дегенде басқа орынға ауыстым», – деп жазды ол.

Қыз автобустың мемлекеттік нөмірі 647CJ02 екенін атап өтіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Алматы полициясы бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізді.

«Оқиғаға қатысушылар анықталды. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады Алматы полициясы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары