Астана тұрғыны өзге біреудің жеке деректерін таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды таратамын деп қорқытып, ақша талап еткен.
Психологиялық қысымды күшейту мақсатында ол мессенджерде құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде өзін таныстырып, жәбірленушіні ақша беруге, яғни жәбірленушіге қатысты мәліметтердің таралмауы мәселесін шешуге көндірген жалған аккаунт құрған.
Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші сотталушыға 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Прокуратура азаматтарды бопсалауға бой алдырмауға және қорқыту фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.