Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көше қозғалысы шектеледі

/
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көше қозғалысы шектеледі
istockphoto

Астанада Қ.Аманжолов көшесінің Ш.Қалдаяков көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылғы 26-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабық болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары