Қостанай облысында қайғылы жағдай болды

/
Қостанай облысында қайғылы жағдай болды
Фото: ПД

Қостанай облысында ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, автожолда «КамАЗ» көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

«КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, — деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары