Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

/
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
istockphoto.com

Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:

Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы: https://t.me/SayasatNurbekOfficial

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы: https://t.me/gylym_jogary_bilim

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы: https://t.me/uto92

Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар