Қостанай қаласында «Осьминог» жаңа жабық аквапаркінің техникалық ашылуы өтті. Аталған нысанның құрылысын BI Group холдингі құрамына кіретін Alem Qurylys AQ компаниясы жүзеге асырды. Жаңа кешеннің жалпы аумағы 9 мың шаршы метрді қамтиды. Аквапарк бір мезетте 500 келушіге дейін қабылдай алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аквапарк аумағында бес бассейн мен жеті су сырғанағы, толқын пішіндес бассейн, ересектер мен балаларға арналған арнайы аймақтар, екі джакузи, демалыс орны мен фуд-корт орналасқан.
Кешеннің жанында 187 автокөлікке арналған автотұрақ қарастырылған.
Сырт көзге оңай көрінгенімен, бұл нысандардың артында күрделі құрылыс жұмысы мен инженерлік жүйелер кешені орналасқан. Бассейндердің әрқайсысы ерекше пішінде жасалып, дөңгелек және ирек элементтермен орындалған. Сол үшін күрделі темірбетон жұмысын жүргізуді және гидрооқшаулау процесін аса мұқият орындауды айрықша көңіл бөлінді.

Құрылыс барысындағы ең күрделі жұмыстардың бірі – ғимараттың көтергіш қаңқасын орнату болды. Ғимараттың орталық бағандары жертөле деңгейінен 14 метр биіктікке дейін көтерілген. Ал ғимараттың үлкен аралықтарын ұзындығы 44 метрге дейін жететін металл фермалар жауып тұр. Оларды монтаждау жұмысты ғимараттың ішіндегі тар кеңістікте жүргізілді. Металл конструкцияларды орнату үшін құрылысшылар бір мезгілде екі ауыр жүк көтергіш автокранды пайдалануға мәжбүр болды.
Түркияда өндірілген су сырғанақтарын монтаждау да күрделі жұмыстардың бірі болды. Бұл жабдықтар ғимараттың ішіне орнатылғандықтан, монтаждау жұмыстары жоғары дәлдікті талап етті. Монтаждау жұмыстарына өндіруші компанияның мамандары қатысып, технология талаптарының сақталуын және жабдықтың дұрыс әрі сапалы құрастырылуын бақылауда ұстады.

Аквапарктің күнделікті жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жабдықтардың басым бөлігі келушілерге көрінбейді. Судың сапасын Испанияда өндірілген арнайы сүзгілеу жүйелері қамтамасыз етеді. Ал ғимарат ішіндегі қолайлы температура мен ауа сапасын Чехияда жасалған желдету жүйесі реттейді. Бұл жүйе қыс мезгілінде қажетті температураны сақтауға, ал жаз кезінде ауаның тұрақты алмасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Аквапарк салу көздің жауын алатын кеңістік қалыптастыру, су сырғанақтарын орнатумен шектелмейді. Нысанда су мен жоғары ылғалдылық тұрақты әсер етумен қатар, түрлі құрылымдар мен жабдықтарға айтарлықтай жүктеме түседі. Нысандағы су мен жоғары ылғалдылық тұрақты әсерін ескеріңіз, одан бөлек түрлі құрылым мен жабдықтарға айтарлықтай жүктеме түседі. Сондықтан мұны салу кезіндегі көптеген шешім, ең алдымен, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны ұзақ уақыт бойы тиімді пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қарастырылды.
Мысалы, жоба барысында еденге арналған кәдімгі керамограниттің орнына тайғанауға жол бермейтін бедерлі жабын қолдану ұсынылды. Сонымен қатар ылғалға төзімді материалдарды көбірек пайдалану, металл шкафтар мен тот баспайтын болаттан жасалған қоршаулар орнату қарастырылды. Осындай шешімдер нысанның қауіпсіздігіне, беріктігіне және пайдалану сапасына тікелей әсер етеді. Осындай ұсақ-түйекке дейін ойластырылған шешімдер нысанның жалпы сапасын айқындайды», – дейді жоба жетекшісі Рауан Байгенжин.

Кешеннің ұзақ уақыт қызмет етуіне де ерекше көңіл бөлінді. Әрлеу кезінде ылғалға және отқа төзімді материалдар қолданылды. Сонымен қатар гипсокартон төбелердің көлемі азайтылып, оның орнына ылғалды ортаға төзімді материалдар қолданылды.
Ғимараттың көтергіш конструкциялары беріктік пен жүк көтеру қабілетінің шамамен 35 пайыздық қорын ескере отырып жобаланып, салынды.
22 тамызда өткен техникалық ашылу қайта қалпына келтіру жұмысының негізгі кезеңінің аяқталғанын көрсетті. Ендігі кезекте мамандар аквапарктің барлық жүйесін іске қосып, қажетті тексеру жұмысын жүргізеді. Аквапарк қыркүйек айында ашылады.