Нұрсұлтан Шоқанов ҚХП-ға дауыс берген барша азаматқа алғыс білдірді

Нұрсұлтан Шоқанов ҚХП-ға дауыс берген барша азаматқа алғыс білдірді

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов сайлау қорытындысына байланысты партияластарына, белсенділерге, байқаушылар мен жақтастарына алғыс білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Партия төрағасы өңірлік штабтар, волонтерлер, заңгерлер мен байқаушылар сайлау науқаны барысында ауқымды жұмыс атқарып, халықпен тікелей кездесулер өткізгенін баса айтты.

Нұрсұлтан Шоқанов бұл жұмыстың Қазақстан Халық партиясының еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталған біртұтас команда екенін көрсеткенін атап өтті.

"Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды саяси жаңғырту және Әділетті Қазақстан құру бағытындағы стратегиялық бағдарын толық қолдайды. Әлеуметтік әділеттілік, мүмкіндіктер теңдігі және биліктің есептілігі қағидаттары партиямыздың бағдарламасымен үндеседі. Біз мемлекеттік дамудың жаңа кезеңінде Президент реформаларының сенімді әрі сындарлы тірегі болуға дайынбыз.

Партия қағидаттарына деген адалдығыңыз, жігеріңіз бен бірлік үшін алғыс айтамын. Алда – елдің және әрбір қазақстандықтың игілігі жолындағы ауқымды жұмыс тұр!", – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар