Маңғыстау облысында мұнай және газ саласының 40 мыңнан астам қызметкері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сала қызметкерлері сайлау учаскелеріне әріптестерімен және отбасы мүшелерімен бірге келіп жатыр. Өндірістік кесте мен ауысымдық жұмысқа қарамастан, мұнайшылар дауыс беруге уақыт бөлген.
Өңірдегі сайлауға мұнайшылармен қатар өндіріс ұжымдарының қызметкерлері, спортшылар, өнер өкілдері, жастар және аға буын өкілдері де қатысып жатыр.