Сайлау азаматтардың сенімін қалыптастырады – халықаралық сарапшылар

/
Сайлау азаматтардың сенімін қалыптастырады – халықаралық сарапшылар

М.Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институты кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бойынша сарапшы Ежи Оледзкий (Польша) Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Құрылтай сайлауы саяси ахуалды бір арнаға түсіріп, мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформаларды жалғастыру өте маңызды. Бүгінгі сайлаудың нәтижесі ішкі реформалардың бағыты мен қарқынын, сондай-ақ көпвекторлы сыртқы саясаттың жалғасын айқындайды. Польша және Еуропалық Одаққа мүше басқа да елдер үшін Қазақстанның тұрақты әрі сенімді экономикалық және саяси серіктес болып қала беруі аса маңызды», – деді спикер.

The Geneva Times газетінің бас редакторы, le Conseil universel des Droits de l ' Homme ҮЕҰ Басшысы Муиз Вахабдин (Швейцария) екі сайлау учаскесіне барғанын айтты.

«Дауыс беру процесі ашық әрі жақсы ұйымдастырылған. Ашықтық сенімді қалыптастырады, ал сенім – демократиялық процестің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Қазақстан – өңірдегі маңызды мемлекет. Ол Батыс пен Шығысты, түрлі мәдениеттер мен экономикалық аймақтарды байланыстырады. Елдің дамуында мықты институттардың рөлі зор. Ең маңыздысы – сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді», – деді спикер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар