"Дауыс" байқаушылар коалициясы: сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзу тіркелген жоқ

/
"Дауыс" байқаушылар коалициясы: сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзу тіркелген жоқ

Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылауға 197 үкіметтік емес ұйым мен белсенділер қатысуда. Олар бір ай бойы ҚР сайлау туралы заңнамасын толық меңгеріп, халықаралық байқау стандарттарын зерделеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы 25 мыңға жуық маман дайындаған. Олар таңғы сағат 6.00-ден бастап ел қалалары, аудандары мен ауылдарында 9779 ашық сайлау учаскелерінде жұмыс атқарды. Бұны «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде хабарлады.

«Біздің ахуалдық орталықтар үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Оған үнемі жергілікті байқаушыларымыздан ақпарат түсіп жатыр. Ол ақпарат өңделіп, тексеріліп, жүйеленіп жатыр. Қазір сол мәліметтер бойынша әрбір сайлау учаскесіндегі жағдай қалыпты. Дауыс беру өтіп жатыр. Комиссия мүшелерінің белгіленген тәртіп бойынша атқарылып жатыр. Азаматтардан осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін қандай да бір заң бұзушылықтар не болмаса арнайы көңіл бөлетін жайттар орын алған жоқ. Біздің байқаушыларымыз дауыс учаскелері жабылғаннан кейін санақ жүргізу үрдістерін толық байқап, өздерінің хаттамаларын бізге береді. Соларды қорытындылап, осы науқанға қоғамдық ұйым ретінде бағамызды беретін боламыз. Халықтың саны көп, көңіл-күйі көтеріңкі»,-деді спикер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары