Көкшетауда жас жұбайлар үйлену тойы алдында дауыс беруге келді (ВИДЕО)

Көкшетауда жас жұбайлар үйлену тойы алдында дауыс беруге келді (ВИДЕО)

Бүгін, 23 тамызда үйлену тойы болғалы жатқан жас жұбайлар дауыс беру үшін сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрылтай сайлауы күні отау құрған Абзал Серікбай мен Жансая Қазбекқызы Көкшетау қаласындағы №27 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Жаңа шаңырақ көтеріп жатқан жастар үшін бұл күн – қос қуанышқа толы. Отбасылық өмірдің жаңа белесін бастаумен қатар, ел болашағы үшін маңызды қоғамдық іске де атсалысып, өз таңдауын бірге жасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары