Жезқазғанда дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтіп жатыр – бақылаушы

/
Жезқазғанда дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтіп жатыр – бақылаушы

Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы №27 сайлау учаскесінде «Әділет» партиясынан бақылаушы болып отырған Айнекен Жәнібекова дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, тұрғындар сайлауға белсенді қатысып жатыр, ал учаскеде заңбұзушылықтар тіркелмеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тұрғындар өз азаматтық міндеттерін орындап, сайлауға белсенді қатысуда. Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай құқық немесе заң бұзушылықтар байқалмады.

Сайлау барысының заң талаптарына сай өтуін, азаматтардың өз таңдауын еркін білдіру мүмкіндігін және дауыс беру процесінің ашықтығын бақылау – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бақылаушы ретінде учаскедегі жағдайды жіті қадағалап, дауыс беру тәртібінің сақталуына назар аударып отырмын», – деді бақылаушы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар