23 тамызда 23 шақырым: Сәтбаевта велошеру өтті

/
23 тамызда 23 шақырым: Сәтбаевта велошеру өтті

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Сәтбаев қаласында 23 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz өңірлік ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Бастамаға Ұлытау облысының дзюдодан құрама командасының спортшылары, белсенді жастар және жергілікті технологиялық колледждің студенттері қатысты.

Велошеруге 2025 жылы Макаода өткен жастар арасындағы Азия кубогының жеңімпазы Темірлан Кенжалиев те қатысты. Ол аталған жарыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген.

Қатысушылар қатарында Мадияр Магауияұлы, Бекмырза Бекетбай және Диас Ташкенбай да болды. Бекмырза Бекетбай Макаодағы Азия кубогында күміс жүлдеге ие болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар