Әнші Лұқпан Жолдасов Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталып, әр азаматтың пікірі елдің ортақ үні екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Өмірде әр кезеңнің, әр уақыттың өз жауапкершілігі болады. Бүгін біз сондай жауапты сәттердің бірін бастан өткеріп отырмыз. Бүгін – елдің ертеңіне, болашақ бағытына қатысты әр азаматтың өз ұстанымын білдіретін маңызды күн.
Мен өмірден бір нәрсені анық түсіндім. Үлкен өзгерістер әрдайым үлкен істерден ғана басталмайды. Кейде елдің тағдырына әсер ететін маңызды қадам әр адамның өз азаматтық жауапкершілігін сезінуінен басталады. Сондықтан әр адамның таңдауы маңызды. Әр азаматтың пікірі – елдің ортақ үні.
Мен де азаматтық парызымды орындап, Құрылтайға барып, өз таңдауымды жасадым», – деді әнші.