Жетісу облысында ауылдың 200-ге жуық тұрғыны дауыс беруге бірге келді (ВИДЕО)

Жетісу облысында ауылдың 200-ге жуық тұрғыны дауыс беруге бірге келді (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Жетісу облысы Көксу ауданындағы Жетіжал ауылының 200-ге жуық тұрғыны сайлау учаскесіне бірге барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл тұрғындары Жетіжал ауылының №264 сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл күймен ән айтып, ұйымдасқан түрде келді.
Жетіжалдықтардың бір уақытта жиналып, дауыс беруі  ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігінің жарқын көрінісі. Әнмен басталған бұл ерекше сәт сайлау күнінің атмосферасын да айшықтай түсті.

Тұрғындар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жатқанын көрсетті.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары