Атырауда 30-дан астам іскер әйел бір участокте дауыс берді

Атырауда 30-дан астам іскер әйел бір участокте дауыс берді

Атырауда сайлауға белсенді қатысушылардың қатарында Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де бар. №90 учаскеге 30-дан астам кәсіпкер әйел келіп, өз таңдауларын жасады. Қазіргі таңда қауымдастық құрамында 70-тен астам кәсіпкер әйел бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Атырау облысының іскер әйелдері ретінде еліміз үшін маңызды тарихи күнге қатысып отырмыз. Біздің мақсатымыз – еліміздің бүгіні мен болашағы үшін өз таңдауымызды жасау. Сондықтан әр азаматтың дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды», – деді Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ардақ Жауырова.

Кәсіпкер әйелдер сайлау учаскесіне ерекше образдарымен келіп, дауыс беру рәсіміне белсенді қатысты. Олар бұл күннің маңызын атап өтіп, азаматтық жауапкершіліктің әр адам үшін маңызды екенін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары