Жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек – Президент

/
Жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек – Президент
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Брифинг кезінде «Jibek joly» телеарнасының тілшісі Ділназ Ерланқызы Мемлекет басшысының жастарға деген сенімі мен қолдауын атап өтіп, Құрылтай депутаттығына үміткерлер қатарындағы түрлі салада еңбек етіп жүрген жастардың Құрылтай жұмысына серпін бере алатыны туралы пікірін сұрады.

– Оны көре жатармыз. Біз жастарға сенім артамыз. Оларды кезінде түрлі лауазымдарға тағайындадық. Үкіметте жоғары қызмет атқарған жастардың бәрі өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындады деп айта алмаймын. Әрине, түрлі кедергі мен себеп кезігіп жатады. Дегенмен жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек. Онсыз болмайды. Қазақстан – демография тұрғысынан жас мемлекет. Сондықтан жастарға зор сенім артамыз. Олар да бұған дайын болуға тиіс. Әйтпесе, кезінде министр болып, Үкіметке келген соң жұмыстың берекесін кетіргендер де болды. Бұған жол бермеуіміз керек, – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар