«Қойгелді» хоккей командасының ойыншылары сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл туралы Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшылар мұз айдынындағы командалық рухты күнделікті өмірде де жалғастырып, дауыс беруге бірге баруды жөн көрген. Олардың қатарында команданың шабуылшысы Әділбек Базилов та бар.
«Мұз айдынында біз әрдайым бір команда болып ойнаймыз, бір-бірімізді қолдап, ортақ нәтижеге бірге ұмтыламыз. Бүгін де сайлау учаскесіне бірге келдік. Мен үшін сайлау құқығымды пайдаланып, жеке таңдауымды жасау маңызды», деді Әділбек Базилов.
Команда мүшелері учаскеге бірге келгенімен, әр спортшы өз таңдауын жеке жасады.