Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местен бүгін Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай депутаттары сайлауын еліміз үшін тарихи оқиға деп бағалады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазір Қазақстан Республикасы барлық азаматтың таңдау жасау құқығын қамтамасыз етті. Сайлау конституциялық заңға, Конституцияға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы бұл үшін барлық қажетті шараны қабылдағанын көріп отырмыз. Қазақстан, әсіресе соңғы уақытта, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен саяси ғана емес, құқықтық тұрғыдан да маңызды реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл реформалар прогреске бағытталған және адам құқықтары мен азаматтардың құқықтарын, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің бірлігін басты орынға қояды. Мұны ерекше атап өткім келеді», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Осман Местен сайлау учаскелерінің ашылуы да халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілгенін атап өтті.