Атырау рекордсмен спортшы сайлау учаскесі алдында КАМАЗ сүйреді (ВИДЕО)

Атырау рекордсмен спортшы сайлау учаскесі алдында КАМАЗ сүйреді (ВИДЕО)

Ел рекордын жаңартып, жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген атыраулық Ерсейіт Бралин сайлау күні кезекті күш перформансын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордсмен КАМАЗ жүк көлігін сүйреді. Өнер көрсетілімінен кейін Ерсейіт Бралин сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Сайлау алдындағы ерекше рекорд мұнымен тоқтаған жоқ. Рекордсмен өз қолымен арматураны иіп, одан сайлау күніне орай «23» санын жасады. Осылайша күш перформансы сайлау күнімен байланысты символдық мазмұнмен толықты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары